KK

Вавилон (фильм)

«Вавилон» (ағылш.Babel) — психологиялық драмалық 2006 жылғы, режиссёр Алехандро Гонсалеса Иньярритудің фильмі. Көп көлемдегі халықаралық марапаттарының иесі, «Оскар» сыйлығының ең үздік жыл фильмі ретінде номинант. Бұл АҚШ-та және Мексикада негізделген халықаралық бірлескен өндіріс. Фильм бірнеше елдегі, түбі байланысқан, АҚШ-та, Мексикада, Жапонияда, Мароккода болып жатқан оқиға туралы айтады.

Вавилон
Babel
Жанры

драма

Режиссёрі

Алехандро Гонсалес Иньярриту

Продюсері

Стив Голин
Джон Килик

Сценарийдің авторы

Гильермо Арриага

Басты рөлдерде

Брэд Питт
Кейт Бланшетт
Гаэль Гарсия Бернал
Кодзи Якушо
Адриана Барраза
Ринко Кикучи

Операторы

Родриго Прието

Композиторы

Густаво Сантаолалья
Рюити Сакамото

Кинокомпания

Paramount Vantage

Ұзақтығы

143 мин.

Бюджеті

25 млн. $

Кассалық түсімі

135 300 000 $

Мемлекет

 АҚШ
 Мексика
 Жапония
 Франция

Тілі

ағылшынша
испанша
арабша
французша
жапонша

Шыққан жылы

2006

IMDb

ID 0449467

http://www.paramountvantage.com/babel

. . . Вавилон (фильм) . . .

Вавилон төрт оқиғадан және әртүрлі кейіпкерлерден құралған. Барлық оқиға өз ретімен көрерменге ашыла бастайды. Барлық оқиға бір-бірімен тығыз байланысқан. Фильмнің соңына дейін оқиға аяқталмайды.

Марокко

Марокко шөлінде Абдулла қойшы өзінің көршісі Хасан Ибрахимнен 270 Winchester M70 мылтығын оқтарымен, қорқау қасқырларды ату үшін жәнеде өз ешкілерін олардан қорғау үшін сатып алады. Абдулла өз мылтығын ұлдары Жүсіп және Ахмедке бередіде оларды ешкілерді бағуға жібереді. Жайылымда жүргенде үлкен ағасы Ахмед мылтығының Хасан Ибрахим айтқандай үш шақырымға ататынына күдіктенеді. Кіші інісі Жүсіп оған оның жәй ғана мергендік қабілеті жоқтығын айтады, содан кейін олар ұзақ дауласты. Одан кейін мылтықтың арақашықтығын тексермек болып екеуі бірінші жартастарға, сосын жүріп бара жатқан көлікке, сосын жолаушыланған автобусқа атады. Жүсіптің атқан оғы автобустағы Америкадан келген турист Сьюзен Джонсқа тиеді. Екі ұл не болғанын бірден аңғарып қаша жөнеледі. АҚШ билігі бұл атылған оқтың террористік шабуыл деп есептеп, бүкіл ақпарат құралдарына хабар береді. Марокко тәртіп сақшылары бұл істі қатаң әрі желел түрде тергейді.

Ричард / Сьюзан

Бұл Америкадан Мароккоға бүкіл қайғыны ұмыту және демалу үшін келген жұп. Олардың отбасылық ара-қатынасына үшінші сәбилерінің өлімі қатты соққы беріп, суытып жіберді. Олар Америкада мексикандық тәрбиешімен қалған Майк және Деббидің ата-аналары. Олар туристтік автобусқа саяхаттау мақсатында отырған болатын. Және сол автобуста Сьюзанға Мароккода тұратын ауылдық екі баланың оғы тиіп, оны қатты жаралайды. Оқ атылғанда бүкіл автобус басында не болғанын түсінбей қалады, бірақ сосын Сьюзан қансырағаннан кейін бәрі абыр-сабыр болып кетеді. Ең жақын медицина орталығы 7 сағаттық жол екенін білген соң, бүкіл автобус жақын жердегі ауылға барады. Автобуста отырған бүкіл туристтер өз өмірлеріне қауіптеніп, қорқып, автобустың кетуін талап етеді. Ричард олардың оны және оның әйелін күтуді өтінеді. Бірақ автобус бәрібір кетіп қалады. Ричардтың қасында туристтік гид Әнуар қалады. Сол жердегі жергілікті мал дәрігері Сьюзанның жарасын қанды тоқтату үшін тігеді. Ричард АҚШ елшілігімен байланысады. Оларды медициналық тікұшақ алып кететін болып шешіледі.

АҚШ / Мексика

Мексикандық тәрбиеші Ричард пен Сьюзанның балалары Майк пен Деббиді Калифорния штатында Сан-Диего қаласындағы үйде бағып отырады, ол кезде олардың ата-аналары Мароккоға саяхаттап барған. Тәрбиеші Амелия Сьюзанның жараланғанын білген соң, оның балаларды жоспарлаған уақыттан көбірек қарайтынын біледі. Содан кейін Амелия Мексикадағы өз ұлының үйлену тойына үлгермей қалатынына уайымдайды. Ричардтың рұқсатынсыз Амелия балаларды Мексикаға өзімен бірге алып кетуді шешеді. Амелияның жиені Сантьяго оларды Америкадан алып кетеді. Олар еш кедергісіз шекараны өтеді, мексикандық салт-дәстүрмен, көше мәдениетімен балаларды таныстырады. Олар үйлену тойына үлгереді және сол той кешке дейін созылады. Амелия кешке Америкаға қайтуды жөн деп табады. Бірақ Сантьяго араққа мас болған көлікті қауіпті жүргізеді және америкалық шекарашы оны мастыққа күдіктеп оның көліктен шығуын бұйырады. Бірақ Сантьяго шекараны заңсыз өтіп, оның соңынан тәртіп сақшылары қуады. Ол Амелияны және балаларды жолда тастап өзі ары қарай кете жөнеледі. Ас-сусыз әлсіреген Амелия мен балалар көмек іздеп шөл даланы біраз кезеді. Амелия балаларды тастап көмек іздеуге кетеді, оны полиция офицері тауып тұтқындайды. Ол өз балаларының шөл далада қалғанын полицияға айтып, олар сол жерге келеді. Бірақ ол жерге келгенде балалардың жоқтығын анықтайды. Шекара полиция бөлімшесінде оған балалардың табылғанын айтады. Ричард бұл іске қанша күйінседе Амелияға арыз жазбайды. Амелия АҚШта 16 жыл заңсыз жұмыс істегені анықталады, оны босатып Америкадан Мексикаға жер аударады.

Жапония

Чиеко Ватая-нәзік жүректі, керең қыз. Ол анасының өзіне қол жұмсағанынан кейін психологиялық соққы алды. Ол әкесіне, өз қатарластарына қатты ренжулі. Ол сексуалды арандату жолына түседі. Өзіне ұнайтын жігіттермен болуды армандайды. Бірақ барлық жігіттер оны керең деп жанына жоламайды. Ол полиция детективтерімен танысады. Ол сауық кешін тастап, қайғырып үйге келген соң ол үйіне бір детектив Мамия Кенджиді шақырады. Ол оны сексуалды арандатады. Бірақ Мамия оған келіспейді. Мамия оған бәрін түсіндіреді, оның анасының балконнан секіргенде әкесінің ұйықтап жатқанын, оның анасының секіргенін көрген жоқ екенін айтады. Мамия оған жазылған парақты беріп, оны ол үйден шықпайынша оқымауын өтінеді. Мамия үйді тастап кеткенде әкесін кездестіреді және Мароккода болған жағдай туралы сұрайды. Әкесі детективқа ол мылтықты қара базарда сатпағанын жәй ғана досына сыйлағанын айтады. Мамия оған әйелі туралы көңіл айтады. Әкесі әйелінің балконнан секірмегенін, оның өз-өзін атқанын айтады. Мамия барға барып Чиеконың берген жазба хатын оқиды. Фильмде ол жерде не жазылғаны баяндалмайды. Ол теледидар арқылы Сьюзанның хал жағдайының жақсы екенін, оның бес күнде ауруханадан шыққанын біледі.

. . . Вавилон (фильм) . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . Вавилон (фильм) . . .

Back To Top