KK

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров (2.03.1969 жыл, Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы) – Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры (2013), саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты (1994). ҚР Саяси ғылымдар академиясының академигі (1997 жылдан).

Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров
Лауазымы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директоры
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Премьер-Министр Серік Нығметұлы Ахметов
Ізашары Жоқ
ҚР Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 2 наурыз1969 (1969-03-02)(52 жас)
Талдықорған облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы
Сайты www.ortcom.kz
өңдеу 

. . . Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров . . .

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін(1991) саясат тарихының оқытушысы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1995) бітірген.

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы көп партиялы жуйенің пайда болуының әлеуметтік-саяси негіздері (1985-1993)».

  • Қазақстан, Ресей, Украинада басылып шыққан кітаптардың, оның ішінде: «Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар: кадрлі саясаттың этникалық аспекттері» (тең автор, 1993),
  • «Қазақстан: 1994 жылғы парламенттік сайлауларының партиялық аспекті» (1994),
  • «Қазақстан Республикасы: XXI ғасыр табалдырығындағы қызыл таң сәрі ме?» (біріккен автор, 1996); 50 астам ғылыми жарияланымдардың, мақалалар мен кітапшалардың авторы.
  • 1995 жылдан – Қазақстанның Даму институты Саяси зерттеулер орталығының ішкі саясат бөлімін меңгерушісі, директоры.
  • 1996 жылдың тамыз айынан – Алматы қаласы әкім аппаратының бас маманы.
  • 1996 жылдың желтоқсан айынан – ҚР Президентінің Әкімшілігінің аға референті, кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2004 жылдың сәуір айынан – ҚР Президентінің Әкімшілігінің әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы.
  • 2004 жылдың қыркүйек айынан – ішкі саясат басқармасының ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
  • 2006 жылдың ақпан айынан – ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.
  • 2007 жылдан – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы.
  • 2008 жылдан бері – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің меңгерушісі.
  • «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008);
  • «Хабар» агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2008);
  • «Қазақпарат» ҰК» Директорлар кеңесінің төрағасы (2006-2008); «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (2007 жылдан);
  • «Самғау» Ұлттық холдинг АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2007);
  • «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің Директорлар кеңесінің мүшесі. «Қазақстан» Республикалық телерадиохабарлар тарату корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Үйленген. 3 баласы бар.[1]

. . . Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров . . .

Back To Top