KK

Марио Гётце

article - Марио Гётце

Марио Гётце (нем. Mario Götze, 3 маусым 1992 жыл[1], Мемминген, Германия) — немісфутболшысы, шабуылшы. 2014 жылғы әлем чемпионы.

Марио Гётце
Жалпы мағлұмат
Туған күні

3 маусым1992 (1992-06-03)(29 жас)

Туған жері

Мемминген, Германия

Азаматтығы

 Германия

Бойы

176 см

Салмағы

64 кг

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

еркін агент

Клуб карьерасы[* 1]
2008-2013 Боруссия Дортмунд 83 (22)
2013—2016 Бавария (Мюнхен) 73 (22)
2016—2020 Боруссия Дортмунд 75 (13)
2020— ПСВ 3 (2)
Ұлттық құрамы[* 2]
2010—2017  Германия 63 (17)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
Бұл үлгіні: көру  талқылау  өңдеу

. . . Марио Гётце . . .

2008 жылы карьерасын “Боруссияда” (Дортмунд) бастады. Сол жылы 21 қарашада Германия Бундеслигасында тұңғыш рет алаңға шықты. Ол ойын “Майнц 05” клубына қарсы өтті де, ойынға тыңнан 88-минутта қосылды. Келесі ойынын тек 17 қаңтарда ғана “Кельнге” қарсы өткізді.

2010/11 жылғы маусым барысында негізгі құрамға толық орнықты.

2013 жылы жазда “Бавариямен” келісім шарт жасасты. Трансфер құны 37 млн еуроны құрады. 24 тамыз күні тұңғыш ойынын “Нюрнбергке” қарсы өткізді. “Бавария” сапындағы тұңғыш жүлдесін сол айда ұтып алып, УЕФА Суперкубогы иесі атанды. “Челсимен” ойында 71-минутта Томас Мюллердің орнына алаңға шықты. Қатарынан үш маусым Германия чемпиондығына қол жеткізді.

2016 жылы шілдеде “Боруссияға” қайта оралды. Тұңғыш ойынын 2-ші турда “РБ Лейпцигке” қарсы өткізді.

Ұлттық құрамадағы тұңғыш ойынын 2010 жылы өткізді.

2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына, 2014 жылы Әлем чемпионатына қатысты. 2014 жылғы әлем чемпионатында екі гол соқты, бірін топтық кезеңде Гана қақпасына, екіншісін финалдаАргентинаға енгізді. Соңғы голы финалдық ойынның тағдырын шешті де, Гетце турнир қаһарманы атанды.

“Боруссия” сапындағы көрсеткіштері нашарлап кетті де, 2018 жылғы әлем чемпионатына бармады.

«Боруссия (Дортмунд)»
  • Германия чемпионы (2): 2010/11, 2011/2012
  • Германия кубогы (2): 2011/2012, 2016/2017
  • Германия суперкубогы: 2019
«Бавария»
  • Германия чемпионы (3): 2013/2014, 2014/2015, 2015/2016
  • Германия кубогы (2): 2013/2014, 2015/2016
  • УЕФА суперкубогы (1): 2013
  • Клубтар әлем чемпионаты (1): 2013
«Германия»
  • Әлем чемпионы (U-17): 2009
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2012, 2016
  • Әлем чемпионы: 2014

. . . Марио Гётце . . .

This article is issued from web site Wikipedia. The original article may be a bit shortened or modified. Some links may have been modified. The text is licensed under “Creative Commons – Attribution – Sharealike” [1] and some of the text can also be licensed under the terms of the “GNU Free Documentation License” [2]. Additional terms may apply for the media files. By using this site, you agree to our Legal pages . Web links: [1] [2]

. . . Марио Гётце . . .

Back To Top